Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасының ойыншысы “Енисей” командасынан кетті

Футболдан еліміздің әйелдер құрамасының көшбасшы ойыншыларының бірі Аида Гайстенова командадағы келісімшарты аяқталуына байланысты “Енисей” командасымен қоштасты.

Жарнама
Жарнама

29-жастағы футболшы Красноярск ұжымына 2021 жылы келіп қосылған болатын. Содан бері Аида “Енисей” сапында жалпы алғанда 53 ойын өткізді. 

Жартылай қорғаушы “Енисей” командасынан бөлек, өз мансабында “Көкше”, “Оқжетпес”, “Астана”, “Звезда-2005” және Зенит клубтарының намысын қорғады. 

Қазақстанның әйелдер құрамасында Гайстенова 19 ойын өткізіп үлгергенін айта кеткеніміз жөн. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: