Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Қайрат» футзал клубының ойыншысы Дәурен Нұрғожинға Италияда ота жасалды. Бұл туралы алматылық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Италияның «Вилла Стюарт» клиникасында Нұрғожиннің беліне ота жасалып, сәтті өтті. Клубтың мәлімдеуінше, ойыншы шамамен 4 айдан кейін қатарға қосылады. Осылайша, Дәурен алда келе жатқан Еуропа чемпионатына қатыса алмайды.
Естеріңізге сала кетсек, Нұрғожин Әлем чемпионатында Бразилияға қарсы өткен ойында жарақат алған еді.
Біздің серіктес: FONBET