Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының С дивизионында қалу құқығына арналған плей-офф матчында Молдовамен ойнайды.
Бірінші матч 24-25 наурызда сырт алаңда, ал жауапты матч 28-29 наурызда болады. Екі кездесудің қорытындысы бойынша жеңіске жеткен команда С дивизионында қалады, ал жеңілген команда D дивизионына түсіп қалады.
Еске салайық, шешуші ойында Михал Билектің шәкірттері өз алаңында Литвадан жеңіліп қалды - 1:2. Жалпы, Ұлттар лигасының топтық кезеңінде Қазақстан 1 рет жеңіске жетіп, бір рет тең түсіп, 4 рет жеңіліске ұшырады (4 ұпай).
Біздің серіктес: FONBET