Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізіміне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды ҚФФ ресми сайты.
Тізе жарақатына байланысты «Тобылдың» шабуылшысы Айбар Жақсылықов алдағы кездесулерге қатыспайды. Оның орнына ұлттық құраманың оқ-жаттығу жиынына волгоградтық «Ротордың» ойыншысы Алексей Щеткин шақыртылды.
Сондай-ақ ұлттық құрамаға «Ақтөбенің» қорғаушысы Әлібек Қасым да шақырту алды.
30 жастағы Щеткин осы маусымда «Ротор» үшін 19 матчқа қатысып, 3 гол соқты. Ал Әлібек «Ақтөбе» жейдесінде он ойынға қатысып үлгерді.
Біздің серіктес: FONBET