Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасының қазан айындағы матчтарына шақырту алған ойыншылар тізімі жарияланды

22.09.2021, 19:00
Ұлттық құрамамыз қазан айында Финляндия, сондай-ақ Босний және Герцеговинамен ойнайды.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов 36 ойыншыдан тұратын кеңейтілген тізімді жариялады:

Қақпашылар: Стас Покатилов («Қайрат»), Игорь Шацкий («Шахтер»), Мұхамеджан Сейсен («Тараз»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»). 

Қорғаушылар: Александр Марочкин, Сергей Малый, Бағдат Қайыров (барлығы - «Тобыл»), Юрий Логвиненко, Темірлан Ерланов, Дмитрий Шомко (барлығы - «Ақтөбе»), Нұралы Әліп, Ян Вороговский (екеуі де - «Қайрат»), Әлібек Қасым, Нұрлан Дайыров (екеуі де - «Қызыл-Жар»), Сағадат Тұрсынбай («Ордабасы»), Олжас Керімжанов («Тұран»), Абзал Бейсебеков («Астана»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Еркін Тапалов («Ақжайық»), Мақсат Тәйкенов («Каспий»), Михаил Габышев («Шахтер»). 

Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат («Астана»), Георгий Жуков («Висла», Польша), Владислав Васильев («Андижан», Өзбекстан), Самат Жарынбетов, Азат Нұрғалиев (екеуі де - «Тобыл»), Рамазан Оразов («Ақтөбе»), Бақтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Сұлтанбек Астанов («Ордабасы»), Бауыржан Байтана («Тараз»). 

Шабуылшылар: Оралхан Өміртаев, Айдос Тәттібаев (екеуі де - «Шахтер»), Абат Айымбетов («Астана»), Роман Мұртазаев («Балтика», Ресей), Айбар Жақсылықов («Жетісу»), Артур Шушеначев («Қайрат»). 

Футболшылар 4 қазан күні елордаға жиналып, оқу-жаттығу жиындарын бастайды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров