Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасының қорғаушысы литвалық клубқа ауысты

06.03.2022, 23:49
Бұл команданы қазақстандық маман жаттықтырады.
Жарнама
Жарнама

Литвалық «Жальгирис» клубының баспасөз қызметі Қазақстан ұлттық құрамасының 22 жастағы қорғаушысы Дінмұхамед Қашкенмен келісімшартқа отырғанын хабарлады.

Қашкен кәсіпқой мансабын 2016 жылы «Астанада» бастады. 22 жастағы футболшы кейінгі жылдары «Жетісу», «Ақтөбе» және «Қайсар» сапында өнер көрсетті.

Еске салайық, Қашкен қаңтар айының соңында «Шахтермен» келісім-шартқа отырған еді, бірақ бір ай өтпей жатып қарағандылық клубтан кетіп қалды.

Айта кетейік, қазіргі таңда «Жальгиристі» қазақстандық маман Владимир Чебурин жаттықтырады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров