Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасының қорғаушысы «Тобыл» клубымен келісімшартын ұзартты

23.01.2021, 17:09
Қорғаушы өткен жылы Қазақстан құрамасына алғаш рет шақырту алған еді.
Жарнама
Жарнама

Футболшы Сұлтан Әбілғазы "Тобылмен" жаңа келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Көкшетау қаласының тумасы қостанайлық клубқа 2018 жылы қосылды. Өткен маусымда Әбілғазы Премьер-лигада "Тобыл" үшін 12 матч өткізіп, бір гол соқты. Сондай-ақ, 23 жастағы қорғаушыны Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Михал Билек Беларуссияға қарсы Ұлттар Лигасының матчына шақырған болатын.

Әбілғазы - "Оқжетпестің" тәрбиеленушісі, ол көкшетаулық клуб сапында 2014-2017 жылдар аралығында өнер көрсетті.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров