Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, "Жетісу" мен Қазақстан құрамасының футболшысы Олжас Керімжанов командадан кетуге жақын.
31 жастағы қорғаушы "Қайсардың" назарына ілікті. Алайда, қызылордалық клуб Керімжановқа жалғыз үміткер емес. Қорғаушы басқа да Премьер-лига командаларын қызықтырады, бірақ көптеген клубтар 2021 жылғы бюджеттің бекітілуін күтуде.
Өткен маусымда Керімжанов ҚПЛ-де 13 матч өткізіп, бір гол соқты. Ол бұған дейін 2016 жылы "Қайсарда' өнер көрсеткен. Олжас өткен жылы Қазақстан құрамасында дебют жасап, құрама үшін бес матч өткізіп үлгерді.
Біздің серіктес: FONBET