Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, Израильдің екі клубы қазақстандық қорғаушы Тимур Рудосельскиймен келісім-шарт жасасқысы келеді. 26 жастағы футболшыдан Армения чемпионатында өнер көрсететін "Лори" клубы бас тартты, сондықтан ол жақын арада еркін агент атануы мүмкін.
Израиль чемпионатының жоғарғы лигасында ойнайтын "Бней Сахнин" клубы қорғаушыға ұсыныс жасап үлгерді. Сондай-ақ бірінші лигадағы "Хапоэль Раанана" командасы да Тимурды қатарға қосуды жоспарлап отыр.
Рудосельский бұған дейін Израиль чемпионатында бақ сынап көрген. 2018 жылы ол бірінші дивизионда ойнайтын "Хапоэльде" (Петах Тиква) доп тепті, ол үшін 10 матч өткізіп, бір гол соқты.
Орталық қорғаушы Қазақстанның наурыз айындағы ойындарына шақырту алды. Соңғы рет ол ұлттық құрамаға 2017 жылы шақыртылған.
Біздің серіктес: FONBET