Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасының шабуылшысы ресейлік клубқа ауысты

28.07.2021, 13:09
Футболшы қыстан бері осы клубтың бапкерлерінің назарында жүрген екен.
Жарнама
Жарнама

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Роман Мұртазаев калининградтық "Балтика" командасына ауысты, деп хабарлайды Vesti.kz сайты.

Ойыншы "1 + 1" жүйесі бойынша келісім-шарқа отырды. Калининградтық клуб осы маусымда Ресей Премьер-лигасына шығу үшін үшін күреседі.

Қазақстандық жаңа клубында бірнеше жаттығулар өткізіп үлгерді. Өткен қыста Мұртазаев "Астана" сапында өткізген Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында "Балтика" командасының бапкерлер құрамының көңілінен шыға білді.

Естеріңізге сала кетейік, шілде айында "Астана" Мұртазаевтың командадан кеткенін хабарлады. Бұған дейін ол "Шахтер", "Ертіс" және "Тобыл" командаларында ойнаған.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров