Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев УЕФА Ұлттар лигасында Беларусь (22 қыркүйек) және Әзербайжан (25 қыркүйек) командаларымен өтетін ойындарға шақыртылған футболшылардың соңғы әрі нақты тізімін жариялады.
Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Мұхаммеджан Сейсен («Тараз»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»);
Қорғаушылар: Сергей Малый, Александр Марочкин, Бағдат Қайыров (барлығы – «Тобыл»), Елдос Ахметов («Тараз»), Михаил Габышев, Талғат Көсепов (екеуі де – «Астана»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Темірлан Ерланов («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей);
Жартылай қорғаушылар: Юрий Логвиненко, Рамазан Оразов (екеуі де – «Ақтөбе»), Асхат Тағыберген, Самат Жарынбетов (екеуі де – «Тобыл»), Аслан Дарабаев, Тимур Досмағамбетов, Исламбек Қуат (барлығы – «Астана»), Ян Вороговский («Моленбек», Бельгия), Бахтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Эльхан Астанов («Ордабасы»), Әділет Садыбеков («Қайрат»);
Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Астана»), Абылайхан Жұмабек («Тараз»), Артур Шушеначев («Қайрат»), Роман Муртазаев («Шахтер»);
Еске салайық, Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізіміне 33 футболшы енген болатын. Бірақ Магомед Адиев Данил Устименко («Қайрат»), Дмитрий Шомко, Әлібек Қасым, Максим Самородов (барлығы – «Ақтөбе»), Ғафуржан Сүйімбаев («Ақсу») және Айбар Жақсылықовты («Тобыл») тізімнен алып, ойыншылар санын 27-ге қысқартуға мәжбүр болды.
Біздің серіктес: FONBET