Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасының үш бірдей футболшысы «Арыс» клубының оқу-жаттығу жиынына қатысады

20.01.2021, 05:17
Клубтың екінші ОЖЖ 20 қаңтарда басталады.
Жарнама
Жарнама

Нұрлан Даиров, Ілияс Әмірсеитов және Владимир Плотников "Арыс" клубының оқу-жаттығу жиынына қосылды. Бұл туралы команданың баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрлан Даиров өткен маусымда "Қайрат" сапында өнер көрсетті. Бірақ негізгі құрамнан өз орнын таба алмады. Бар-жоғы екі ойынға қатысып, бір қызыл қағаздың авторы атанды.

Ал Ілияс Әмірсеитов өткен маусымды "Қайсарда" өткізді. Қызылордалық клуб жейдесінде 19 ойынға қатысып, 2 нәтижелі пас берді.

"Ордабасының" қақпасын күзеткен Владимир Плотников өткен маусымда 12 ойын өткізіп, 13 гол жіберіп алды. Сондай-ақ төрт кездесуде қақпасын "құрғақ" ұстады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров