Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы өзбекстандық клубқа ауысты

31.07.2021, 00:36
Васильев «Энергетик-БГУ» сапында жасындай жарқылдап жүрген еді.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасының 24 жастағы жартылай қорғаушысы Владислав Васильев Өзбекстанның "Андижан" командасына ауысты, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Владислав Васильев - Қарағанды ​​футболының және "Оле Бразил" академиясының түлегі. Бұған дейін ол "Шахтерде", сондай-ақ белоруссиялық "Рух" пен "Динамо" Брест сапында ойнады.

Ойыншының соңғы клубы "Энергетик-БГУ" болды, ол өткен маусымда бұл команда үшін 16 матч өткізіп, 5 гол соқты, 8 нәтижелі пас берді.

Айта кету керек, "Андижанды" "Шахтердің" бұрынғы бас бапкері Виктор Кумыков жаттықтырады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров