Жарнама
Жарнама

Қазақстан - Словакия матчының үздік ойыншысы анықталды

14.06.2022, 16:25
Қазақстан құрамасының қос футболшысы үздік деп танылды.
Жарнама
Жарнама

SofaScore аналитикалық порталы УЕФА Ұлттар лигасының төртінші туры аясында өткен Қазақстан - Словакия (2:1) матчындағы ойыншылардың рейтингін жариялады.

Қазақстан құрамасының екі футболшысы үздік ойыншы деп танылды. Нұралы Әліп пен Михаил Габышевтың ойыны 7,5 деген ұпаймен бағаланды. Бұл тізімде 4 сейв жасаған Игорь Шацкий (7,1) мен Сергей Малый (7,0) да бар.

Словакия құрамасы сапында бар болғаны 72 минут ойнаған Альберт Руснак (7,3) және Патрик Горошовский үздік атанды. Ал Матуш Беро, Мартин Вальент және Питер Пекарик 7,0 ұпайға ие болды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров