Жарнама
Жарнама

Қазақстан Супекубогінің иегеріне берілетін сыйақы мөлшері белгілі болды

27.01.2021, 21:39
Биыл бұл турнир жаңа форматта өтпек.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан Суперкубогінің жеңімпазына берілетін сыйақы мөлшері белгілі болды, деп хабарлайды KazFootball.kz.

ҚКФЛ алғаш рет Қазақстан Суперкубогін жаңа форматта өткізуді жоспарлап отыр және турнирде төрт команда бақ сынайды. Турнирдің жүлде қоры 40 миллион теңгені құрайды (шамамен 94,7 мың доллар). Суперкубоктің иегері 25 миллион теңге алады (шамамен 59,2 мың доллар). Күміс жүлдегер 10 миллион теңгеге (23,7 мың доллар) ие болады. Ал қола жүлдегер 5 миллион теңгені (11,8 мың доллар) қанжығасына байлайды.

Турнирге "Қайрат", "Тобыл", "Астана" және "Шахтер" қатысады деп күтілуде, олар өткен маусымның қорытындысы бойынша үздік төрттікке енген болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров