Жарнама
Жарнама

Қазақстан Суперкубогінің ойындары қашан өтеді?

11.02.2021, 19:04
Турнирдің жүлде қоры 40 миллион теңгені құрады.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан футбол федерациясы және Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы “OLIMPBET” букмекерлік компаниясымен "OLIMPBET-футболдан Қазақстан Республикасының Суперкубогінің" жаңарған турнирін ұйымдастыру барысында серіктес атанғаны туралы хабарлаймыз.

Келісім-шарт бойынша футболға деген қызығушылықты арттыру және басталғалы тұрған жаңа маусымның беделін көтеру үшін Суперкубоктің жаңа форматын ұйымдастыру қарастырылған. Сонымен қатар "OLIMPBET" компаниясынан жүлделі орындарға ие болған командаларға және жеңімпазға 40 миллион теңге көлемінде жүлде қоры бөлінді.

ҚКФЛ мүшелік ететін барлық клубтардың қолдауымен OLIMPBET-Суперкубогі атты жаңа турнирге өткен маусымда Қазақстан чемпионатының жеңімпазы ("Қайрат"), екінші және үшінші орындарға ие болған командалар ("Тобыл", "Астана") және де Қазақстан Кубогінің иегері қатысады. Егер футбол маусымында Кубок иегері анықталмаса, онда турнирге чемпионатта төртінші орынға ие болған команда ("Шахтер") қатысуға құқылы.

OLIMPBET-Суперкубогі екі жартылай финал ойындарынан (2, 3 наурыз) және үшінші орын үшін кездесу (5 наурыз) мен финалдан (6 наурыз) тұрады. Барлық ойындарды киелі Түркістан қаласында өткізу жоспарланып отыр. Турнирдің жартылай финал кезеңінің жеребе тарту рәсімі 15 ақпанда елорда уақытымен сағат 14:00-де өтеді және де тікелей эфирде көрсетіледі.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров