Жарнама
Жарнама

Қазақстан - Түркия 0-1

13.06.2015, 04:59
Жарнама
Жарнама
Бүгін алматының орталық стадионында 2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сыны аясында Қазақстан ұлттық құрамасы Түркия құрамасымен кездесті. Ойынның алғашқы минуттары қонақтардың еншісінде қалды. Түркиялықтар алыстан жойқын соққылар бағыттап, комбинациялық бірнеше шабуыл ұйымдастырды. Тек ойынның 25 минутына қарай отандастарымыз ес жиып, допты көбірек ұстай бастады. Ал тайм аяқталар сәтте Дмитрий Шомко Генрих Шмитгальдың пасын еш ойланбастан қақпаға бағыттады. Бірақ Түркия қақпашысы Волкан Бабаджан тойтарыс берді. Екінші таймның басы ширақ басталды. Қос команда бір-бірінің қақпасын жиі мазалады. Және Бауыржан Исламхан сол қапталдан ортаға ойысып, соққы бағыттаған. Бірақ Бауыржан қақпадан мүлде қиыс кетті. Одан кейін Қазақстан құрамасының капитаны Самат Смақов жарақат алып, алаңнан кетті. Қорғаныстағы кішігірім қателіктер пайда бола бастағанын сезген Фатих Терим шәкірттері 100 пайыз гол соғатын мүмкіндікке ие болды. Умут Булуттың соққысы қақпадан сәл қиыс кетсе, Бурак Иылмаз допты қақпа бағанына дәл бағыттды.  Шабуылды одан әрі үдеткен түріктер 83 минутта есеп ашты. Гол авторы Атлетико мадрид жартылай қорғаушысы Арда Тұран. Қалған 7 минутта Түркиялықтар ойын уақытын созып, керекті 3 ұпайларына қол жеткізді.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров