Қазақстан ұлттық құрамасы дебютантының командасы өз біріншілігінде жеңіліс тапты

26.11.2023, 00:25


 Александр Зуев өнер көрсететін “ИМТ” командасы Сербия Суперлигасының 16-турында Субботица қаласының “Спартак” ұжымынан 1:0 есебімен ұтылды. 

ИМТ 0:1 Спартак 

Гол: Станоев 79’

 Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Александр Зуев бұл ойынды бастапқы құрамда бастап, кездесудің 57 минутында өз орнын командаласына босатты.

Осы ойын қорытындысы бойынша “ИМТ” ішкі біріншіліктің турнирлік кестесінде 13 орынға тұрақтады.