Қазақстан ұлттық құрамасы Ирландияға төтеп бере ала ма?
15.10.2013, 08:59
Жарнама
Жарнама
Бүгін, яғни 15 қазан күні Қазақстан ұлттық құрамасы 2014 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу ойынының соңғы матчын Ирландияның бас қаласы Дублинде өтеді. Барша мұсылмандардың қасиетті мерекесі «Құрбан айтпен» қатар келуінің өзін біз жақсылыққа жорып отырмыз.Қазақстан ұлттық құрамасы бұл ойынға соңғы дайындықтарын пысықтауда. Ұлттық құраманың бас бапкері Мирослав Беранек ойынға шығатын футболшылардың тізімін жариялады. Олар төмендегідей.Қақпашылар:Андрей Сидельников («Ақтөбе»), Александр Мокин («Шахтер» Қарағанды), Самат Отарбаев («Ордабасы» Шымкент)Қорғаушылар:Қайрат Нұрдәулетов, Елдос Ахметов («Астана»), Юрий Логвиненко («Ақтөбе»), Алексей Мулдаров («Ақтөбе»), Виктор Дмитренко («Астана»), Марк Гурман («Қайрат» Алматы), Александр Кислицын («Қайрат» Алматы), Константин Энгель («Энерги», Коттбус, Германия)Жартылай қорғаушылар:Нұрбол Жұмасқалиев («Тобыл» Қостанай), Мақсат Байжанов («Шахтер» Қарағанды), Хайнрих Шмидтгаль (Фортуна» Германия), Валерий Коробкин («Астана»), Дмитрий Шомко («Ертіс» Павлодар), Андрей Карпович («Ордабасы» Шымкент), Анатолий Богданов («Тобыл» Қостанай)Шабуылшылар: Андрей Финонченко («Шахтер» Қарағанды), Сергей Хижниченко («Шахтер» Қарағанды), Алексей Щеткин («Атырау»), Игорь Юрин («Ертіс» Павлодар).Резервтік тізім:Қақпашы: Антон Цирин («Жетісу» Талдықорған)Қорғаушылар: Мұхтар Мұхтаров (Ордабасы), Захар Коробов («Жетісу» Талдықорған).Жартылай қорғаушылар: Марат Хайруллин («Ақтөбе»), Серікжан Мұжықов («Жетісу» Талдықорған), Азат Нұрғалиев («Ордабасы»);Шабуылшылар: Таңат Нөсербаев («Астана»), Сергей Остапенко («Астана»),Осы жерде айта кетпесек, журналист атағымызға сын болар. Ұлттық құрамада барлығы 31 ойыншы өнер көрсетеді. Құраманың ішінде 9 футболист ғана қазақ жігіттері, оның бесеуі резервтік тізімде, негізгі құрамда 4-ақ қазақ. Оның үстіне бас бапкерімізде Чехия азаматы. Кеше ғана өткен Фарер аралдарымен өткен ойында бас бапкер Мирослав Беранек көңілімізге қаяу салғандай болды. Спортшыларымыз Қазақстан Республикасының әнұранын орындап жүрегіне қолын қойып, гимнге деген құрметін көрсетсе, бас бапкеріміз гимнді жаттамақ түгілі, жүрегіне қолын қоюға ерінген тәрізді. Дәл осындай ұлтқа құрметі жоқ бапкердің ұлттық құрамаға қайыры тиеди деп айту қисынға келмейді. Қазақ футболының өрге шықпауына бірден бір себепкерде осы жайттар болатын. Қазақстанға еңбек сіңірген футбол бапкері Бауыржан Сәрсекенов: «Өткенде лигонерлерден айласын асыра алмаған команда Ирландияны жеңеді дегенге сене алмаймын. Ойсыра ұтылып қалмасақ екен. Ұлттық құрамаға қазақ бепкері мен 11 қазақ келмесе, ұтылып жүре бермекпіз» деген екен. Құраманы алға жетелейтін тәжірибе немесе қаражат емес, ең бірінші ұлттық намыс екенін жете түсіне алмай келеміз. Осы ретте Өзбектерді өзімізге үлгі тұтуға тура келіп отыр. Құраманың барлығы дерлік Өзбек ұлтынан жасақталған. ФИФА ретингінде 555 ұпаймен 56 сатыға табан тіресе, біз 200 ұпаймен 142 сатыдамыз. Ойланатындай-ақ дүние! Осы ретте Б.Момышұлының мына бір сөзі ойға еріксіз оралады. «Жалдап алған әскер майдан болса, ешқашан жанын салып соғыспайды». Ия, ұлттық қараманы алға жетелейтін нағыз қазақ жігіттері екенін естен шығармайық. Ойынға қайта оралайық. Ирландия оңай шағылатын жаңғақ емесі анық. Жерлестеріміз Әлем чемпионатына іріктеу ойынының алғашқы матчын Ирландиямен өткізген болатын. Өз алаңымызда 2:1 есебімен қарсаластарымызға есе жібердік. Енді қарымта ойында жерлестеріміз қанша қауқар көрсете алады? Біз бүгінгі сырт алаңдағы ойында тең нәтижегеде қанағат тұтатын сияқтымыз. Әйтеуір жеңіліске ұшырамасақ болды. Есімізде болар Австриямен өткен ойында өз алаңымызда тең нәтижеге қол жеткізсек, сырт алаңда ойсырай жеңілген болатынбыз. Бүгінде осы жағдай қайталанбасын деп тілейміз. Әрине, сырт алаңда ойын көрсетудің өзі қиын, ал жеңіске жету одан да қиын. Осыған дейін Қазақстан ұлттық құрамасын сырт алаңда санаулы ғана жеңіске қол жеткізген екен. Ал бүгін жеңіске жетсек, біз үшін сенсация болатыны анық. Ұлттық құраманың белді ойыншысы Қайрат Нұрдәулетов өзінің сұхбатында: «Елге 6 ұпаймен, минимум 4 ұпаймен оралуға тырысамыз. Екі команданыда жеңуге болады. Оның үстіне бұл биылғы жылдың соңғы ойыны. Дайындығымыз жаман емес. Ұлттық құрамада барлық футболшылар жұдырықтай жұмылған кезде ғана жеңіске жетуге болады» деді. Дәл осылай әдемі сөйлеуді үйреніп алдық, енді іске көшсек қой, шіркін! Иә, жұдырықтай жұмылсақ біз алмайтын қамал, біз алмайтын асу жоқ. Ал енді Ирландия құрамасының құрамасына көз жүгіртсек.Қақпашылар: Дэвид Форд («Миллуол»), Кейрен Уэствуд («Сандерленд»), Даррен Рэндольф («Бирмингем»);Қорғаушылар: Джои О’Брайен («Вест Хэм»), Шон Сент-Леджер («Лестер»), Марк Уилсон, Джон Уолтерс, Гленн Уилан (барлығы — «Сток Сити»), Симус Коулмен, Джеймс Маккарти, Даррон Гибсон (барлығы — «Эвертон»), Стивен Келли («Рединг»), Киран Кларк («Астон Вилла»), Пол Грин («Лидс»), Энди Рид («Ноттингем Форест»), Эйден Макгиди («Спартак»), Энтони Пилкингтон, Уэсли Хулахан (оба — «Норвич»), Джеймс Маклин («Уиган»), Робби Брэди, Стивен Куинн, Пол Макшейн (барлығы — «Халл Сити»), Шейн Лонг («Вест Бромвич»), Робби Кин («Лос-Анджелес Гэлакси»), Кевин Дойл («Вулверхэмптон»), Энтони Стоукс («Селтик»).Біз Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде «С» тобында өнер көрсетудеміз. «С» тобында басты фаворит Германия мен Швеция командалары. Ал екінші деңгейде Австрия және Ирландия командалары болса, үшінші деңгейде Қазақстанмен Фарер аралдары. Біз бүгін биылғы маусымдағы соңғы ойындарымыздың бірін өткіземіз. Бүгінгі Ирландиямен болған ойында жеңіске жетсекте, 2014 жылы Бразилияға жолдаманы қанжығымызға байлай алмаймыз. Әзірге Әлем чемпионатына қатысу бақыты бізге бұйырмай отыр.
1.
Германия
9
8
1
0
31:7
25
2.
Швеция
9
6
2
1
16:9
20
3.
Австрия
9
4
2
3
17:10
14
4.
Ирландия
9
3
2
4
13:16
11
5.
Казахстан
9
1
2
6
5:18
5
6.
Фарерские острова
9
0
1
8
4:26
1
Бүгінгі Ирландияның бас қаласы Дублинде болатын ойынды Астана уақытымен 00:25 те Қазақстан және Kazsport телеарнасынан көріп, тамашалай аласыздар. Жерлестерімізге жанкүйер болайық! Қасетті Құрбан айтпен қатар келген бұл ойыннан біз бүгін үлкен нәтиже күтеміз. Лайым солай болғай!
Автор: Берікбол Төлеген