Бернд Шторк баптайтын Венгрия, Ослода Норвегияны тізе бүктірді.
Қос матчтан тұратын текетірестің алғашқы кездесуінде жеңіске жеткен венгрлер, келесі жылы Францияда өтетін құрлық додасына жолдама алуға бір табан жақындады. Матчтың 26-шы минутында 21 жасар Кляйнхайслер гол соғып, командасына жеңіс әкелді.
Айта кетейік, неміс бапкері Бернд Шторк Қазақстан Ұлттық құрамасын 2008-2010 жылдар аралығында жаттықтырған еді.
Норвегия - Венгрия 0:1 (0:1)
Гол:
Кляйнхайслер, 26.