Жарнама
Жарнама

Қазақстан ұлттық құрамасының экс-бапкері еуропалық ұжымның тізгінін ұстады

09.12.2023, 23:58
Жарнама
Жарнама


Қазақстан ұлттық құрамасын бұрындары жаттықтырған Бернд Шторк румыниялық “Сепси” командасын биік белестерге жетелейтін болды.

Клуб бапкермен 2023/24 жылғы маусымның соңына дейін бірге қызмет атқармақ. Шторктың келісімшартында келісімді ұзарту нұсқасы бар екенін айта кетейік. Соңғы рет маман бельгиялық “Кортрейк” ұжымында еңбек етті.

Жалпы “Сепси” қазақстандық футбол жанкүйерлері үшін тансық команда емес. Еске салсақ, КЛ осы жылы өткен үшінші іріктеу кезеңінде румыниялық ұжым “Ақтөбеге” қарсылас атанып, қос ойын қорытындысы бойынша отандық клубтан 2:1 есебімен басым түскен болатын.

“Сепси” тізгінін ұстаған Бернд Шторк ел құрамасын 2008 бен 2010 жылдар аралығында жаттықтырды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров