Асхат Тағыберген Гафуржан Сүйімбаевтың "Ордабасыға" қалай келіп қалғанын айтып берді.
Футболшының өзі "Тобылды" тастап шымкенттік ұжымда жаттығуда.
"Ордабасыда" мықты ойыншылар жиналуда. Мақсаты мен мұраты анық команданың басшылығына: неліктен өзіміздің тәжірибелі футболшыларды алмасқа? деп сауал қойдым. Мен Сүйімбаевты ұсындым. Басшылық футболшы қарсы болмаса, шақыруға болады деп жауап қайырды. Міне, Гафуржан бұрынғы командасына қайта келді, - деді Тағыберген".
Сүйімбаев ҚПЛ өткен маусымында 24 ойын өткізіп, 1 гол мен 1 голдық пас берді. Қаптал қорғаушысы өз мансабында "Қайрат" және "Ертіс" клубтарында доп тепкен.
Біздің серіктес: FONBET