Жарнама
Жарнама

Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы отанына оралғысы келген. Бірақ, барлығы ойдағыдай болмады

04.02.2023, 03:35
Жарнама
Жарнама


Генералды директор Андрей Громовтың артынан Алексей Щеткинде "Кубань" клубынан өздігінен кету жайлы шешім қабылдады. Бұл жайлы "ФНЛ с Ильевым" телеграм каналы жазған болатын.

"Қазақстандық шабуылшының кететіні рас. Бірақ, барлығы ойдағыдай бола бермейді. Клуб келісімшарты бар футболшысын жіберіп қойып қарап отыратын түрі жоқ. Щеткинге өз отанынан ұсыныстар түсті. Алайда, футболшының егде жасын мысалға алсақ, оған ешкім артық ақша бергісі келмейді. 

"Кубань" ұжымындағы жағдай күн өте күрделеніп барады. Футболшылар мен бапкерлер арасындағы татулықтың кеткені қашан", - деп жазады дереккөз арнасы. 

Футболшы краснодарлық командада өткен жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Бұған дейін, ол "Ротор", "Ордабасы", "Тобыл", "Ақтөбе", "Астана", "Тараз" және "Жетісу" ұжымдарының намысын қорғаған. 

Алексей 2013 жылдан бері Қазақстан ұлттық құрамасына шақыртылып келеді. Бірақ, қазірде ол ел футболшыларының қатарына іліге алмай жүр. 

"Кубань" бірінші лигада 15 орында келеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров