Қазақстан құрамасының шабуылшысы Бауыржан Тұрысбек "Таразға" ауысуы мүмкін, деп хабарлайды журналист Айдын Қожахмет.
28 жастағы футболшының ақтаулық «Каспийден» ұсынысы болған, бірақ ол Владимир Никитенконың командасына ауысқысы келеді. Келісімшарт маусымның соңына дейін жасалады деп күтілуде.
Шілдеде Тұрысбек "Шахтерден" кетті. Ол қыста Қарағанды клубына ауысып, КПЛ-дің үш матчында алаңға шығып, «Қайраттың» (1:0) қақпасына гол соққан болатын.
Тұрысбек мансабында «Тобыл», «Жетісу», сербиялық «Раднички», Семейдің «Спартак» және «Сұңқар» клубтарында өнер көрсетті. Тұрысбек Қазақстан құрамасы үшін 14 матч өткізіп, үш гол соқты.
Біздің серіктес: FONBET