Футболдан Қазақстан құрамасының 2020/21 жылғы Ұлттар лигасындағы Белоруссия құрамасына қарсы кездесу Алматы қаласында өтеді. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы Ұлттық құрамалар департаментінің директоры Қайрат Нұрдәулетов айтып берді.
"Беларусия құрамасына қарсы кездесу Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Біз мұны келісіп, құжаттарды УЕФА-ға және Белоруссия құрамасына жібердік.
Нұр-Сұлтан қаласындағы "Астана-Арена" стадионының көгалын ауыстырып үлгере алмайды. Ойынның өтетін жерін қарастырғанда біз бұл факторға да назар аудардық. Өз алаңымыздағы бірінші кездесу Алматыда өтеді. Ал қазан және қараша айларындағы кездесулердің қайда өтетіні әлі белгісіз.
Жанкүйерлер туралы айтатын болсақ, УЕФА тек 1000 жанкүйер кіргізуге рұқсат беріп отыр. Оның өзінде елдегі жағдайға байланысты болады. Егер елдегі жағдай қиын болса, 1000 жанкүйерді де кіргізбеуі мүмкін", - деді Нұрдәулетов.
Біздің серіктес: FONBET