Жарнама
Жарнама

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Арменияға есе жіберді

15.02.2022, 01:07
Вахид Масудов алғашқы матчында жеңілді. Қос команда 16 ақпанда тағы күш сынасады.
Жарнама
Жарнама

19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Арменияға қарсы өткен алғашқы жолдастық кездесуде 1:0 есебімен жеңіліп қалды.

Ереванда өткен матчтың алғашқы таймы голсыз аяқталды. Ал 52-минутта алаң иелері алға шықты. Арайик Елоянның сол қапталдан асырған пасын Гамлет Минасян сәтті пайдаланып, жеңісті голды соқты.

Қазақстан U19: Данила Карпиков (қ), Бауыржан Рахмет, Даврон Закиров, Олжас Әділ, Әлихан Өтешев, Әмір Тілеубеков, Мұқағали Пангерей, Әли Тұрғанов, Вадим Яковлев, Муроджон Халматов, Абзал Қалау (к), 

Қосалқы құрам: Әлішер Сүлеймен (қ), Данияр Орда, Дамирхан Жабаев, Вячеслав Раскатов, Супьян Масудов, Айбек Райзо, Нұржан Ерланұлы, Дияс Испанов.

Қос команда арасындағы екінші жолдастық ойын 16 ақпанда Ереванда өтеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров