Жарнама
Жарнама

Қазақстан жастар құрамасы Бельгияға есе жіберді

09.10.2021, 13:54
Жастарымыз ұпай жинай алмағандықтан, ең соңғы орында келе жатыр.
Жарнама
Жарнама

Бүгін 21 жасқа дейінгі жастар арасында футболдан 2023 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысында Қазақстан үшінші ойынында Бельгиямен кездесті.

Еске салсақ, Қазақстан жастары I тобында сынға түсті. Қарсыластары - Бельгия, Дания, Шотландия және Түркия құрамалары.

Бүгінгі кездесуде бельгиялық футболшылар қазақстандық құрама қақпасына жауапсыз екі гол соқты. Оны Лоис Опенда 61, Йорбе Вертессен 84-минутта өзінің еншісіне жазды.

Осылайша, Қазақстан жастары қарсыласынан 0:2 есебімен жеңіліп қалды.

I тобында 3 ойыннан кейін 9 ұпай жинаған Бельгия көш бастап келеді. Әзірге ұпай еншілей алмаған Қазақстан бесінші орында тұр.

Енді жастарымыз елордада 12 қазанда өз алаңында Түркиямен жасыл алаңға шығады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров