Жарнама
Жарнама

Қазақстан жастар құрамасы екі жолдастық матч өткізеді

06.11.2015, 21:05
Жарнама
Жарнама
21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Талғарда өтетін оқу-жаттығу жиынына 23 футболшыны шақырды. 9-17 қараша аралығында өтетін оқу-жаттығу жиынында Қырғызстан жастар құрамасымен екі жолдастық матч жоспарланған. Ойындар 15 және 17 қарашаға белгіленді. Оқу-жаттығу жиынына шақырылған футболшылардың тізімі: Қақпашылар: Михаил Голубничий («Астана»), Станислав Павлов («Ақтөбе»), Сұлтан Бұсырманов («Тобыл»); Қорғаушылар: Григорий Сартаков («Ертіс»), Рафкат Аслан («Тобыл»), Тимур Рудосельский («Қайрат»), Александр Соколенко («Қызылжар»), Темірлан Әділханов («Жетісу»), Олег Лебедев («Оқжетпес»), Берік Шайхов («Ертіс»), Антон Куксин («Оқжетпес»); Жартылай қорғаушылар: Әлішер Сүлей («Тараз»), Мирас Төлиев («Оқжетпес»), Еркебұлан Тұңғышбаев («Ордабасы»), Ойбек Балтабаев («Қайрат»), Максим Гладченко («Бәйтерек»), Дидар Жалмұқан («Ақтөбе»), Владимир Воменко («Ертіс»), Иван Антипов («Ақжайық») Ян Вороговский («Қайсар»); Шабуылшылар: Абат Әйімбетов («Ақтөбе»), Максим Федин («Спартак», Сербия), Темірлан Елмұрзаев («Тобыл»). Қазақстан жастар құрамасының жаттықтырушылар штабы: аға жаттықтырушы – Саулюс Ширмялис, жаттықтырушының көмекшілері – Йозеф Шкрлик, Андрей Ферапонтов, қақпашылардың жаттықтырушысы – Игорь Кулиш, дәрігер – Сергей Елесеев, массажшы– Александр Шапкин, менеджер – Сергей Андрейко, әкімші – Максим Шауберт. Бастапқыда «Достастық Кубогының» тәртібі ескеріліп, 20 жасқа дейінгі ойыншылардың тізімі құралған еді. Алайда, Санкт-Петербургте өтетін турнирдің ұйымдастырушылары жарыс ережесіне өзгеріс енгізіп, 21 жасқа дейінгі футболшылардың алаңға шығуына рұқсат етті. ҚФФ баспасөз қызметі
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров