Қазақстан жастар құрамасы ғаламат камбэк жасап, Шотландиядан ұпай алды

30.03.2022, 00:00
Жаңбырмен басталған ойынның соңы қарға ұласты.

Футболдан Қазақстан жастар (U-21) құрамасы 2023 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Шотландия құрамасын қабылдады.

Алматыда қатты жаңбыр жауып, екі команданың да ойынын қиындатты. Бірінші таймда Қайрат Нұрдәулетов шәкірттері бірнеше мүмкіндік жасағанымен, голға айналдыра алмады. Ал қарсыластар сапында Росс Грэм мен Том Клэйтон бұрыштама добын сәтті пайдаланып, қос бірдей гол соқты. Дегенмен, 71-минутта Еркебұлан Сейдахмет пенальтиден мүлт кетпей, есеп айырмасын қысқартты. Ал 95-минутта Абылайхан Жұмабек көзге түсті

Осылайша, Қазақстан іріктеу турнирінде алғашқы ұпайына қол жеткізді. Қайрат Нұрдәулетов командасы келесі ойынын 4 маусымда сырт алаңда Данияға қарсы өткізеді.

Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі, 6-тур

Казахстан U-21 – Шотландия U-21 – 2:2

Қазақстан U-21: Темірлан Анарбеков (қ) – Сағи Совет, Арсен Буранчиев (Вячеслав Швырев 64), Дінмұхамед Қашкен, Жалғас Жақсылықов, Лев Скворцов – Эльхан Астанов, Сұлтан Сағынаев (к) (Мирас Тұрлыбек 85), Станислав Басманов (Данияр Үсенов 75), Еркебұлан Сейдахмет (Жасұлан Жұмашев 85) – Абылайхан Жұмабек;

Шотландия U-21: Киран Сликер (қ) – Джош Доиг, Росс Грахам, Стивен Уэлш (к) (Том Клейтон 51), Келвин Рэмзи (Скотт Бэнкс 69) – Льюис Майо, Джон Кэмпбелл, Коннор Баррон – Джек Барроуз (Скотт Хай 74), Марк Леонард, Гленн Миддлтон;