Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) Қазақстан жастар құрамасының (U21) Түркияға қарсы кездесуін Қарағандыда өткізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі ойын 12 қазанда «Шахтер» стадионында өтеді. Бұған дейін бұл стадионға жөндеу жұмыстары жасалған еді, ал табиғи алаң жасанды алаңға ауыстырылды.
8 қазанда Қайрат Нұрдәулетов жаттықтыратын жастар құрамасы сырт алаңда Бельгиямен ойнайды, содан кейін Қарағандыда Түркия жастарын қабылдайды.
Біздің серіктес: FONBET