Қазақстан жастар ұлттық құрама командасы атақты италияның "Милан" командасының базасында оқу жаттығу жиындарын өткізетін болды. "Миланнелло" футбол орталығында жастарымыз аталмыш клубтың жастарымен күш сынасады. Айта кетейік "Миланның" жастар командасында Андреа Петанья, Бриан Кристанте, Симоне Андреа Ганц, Филипп Просеник (Аустрия), Боатенг (Гана) секілді болашағынан зор үміт күттіретін ойыншылар ойнайды.
Жиын 30 сәуір мен 4-мамыр аралығында өтпек. "Милан" - Қазақстан арасындағы ойын 4 мамыр күні өтпек.
Бұл кездесу Қазақстан мен Италия футбол қауымдастықтарының арасындағы достық қарым-қатынастың арқасында болып отыр. "Біз өзіміздің достарымызға қонаққа бара жатырмыз. Және онда өзіміздік ең жақсы өнерімізді көрсетуге тырысамыз", - деді жастар ұлттық құрамасының бас бапкері Сергей Боровский.
Бұл ОЖЖ жастарымыздың Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңдеріне дайындық іспеттес мақсатта өтпек.
Ермұхамед МӘУЛЕН