Жарнама
Жарнама

Қазақстан жастар құрамасы «Ордабасымен» жолдастық кездесу өткізеді

03.05.2015, 18:21
Жарнама
Жарнама
Футболдан Қазақстан жастар құрамасы 8 мамыр күні Шымкенттегі «БИІК» базасында жиналып, оқу-жаттығу жиынына қатысады. Жиын аясында «Ордабасы» футбол клубының негізгі құрамымен жолдастық кездесу өткізеді. Бұл ойын 12 мамырға белгіленген. Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты таратқан ақпарат бойынша, жастар құрамасы сапына 23 ойыншы шақырту алған. Бапкерлер құрамы оқу-жаттығу жиынына келесі футболшыларды шақырды: Қақпашылар: Голубничий Михаил («Астана»), Грубов Олег («Қайрат»), Дүйсен Абылайхан («Бәйтерек»); Қорғаушылар: Агайсин Әнуар («Тобыл»), Әділханов Темірлан («Жетісу»), Аслан Рафкат («Тобыл»), Рудосельский Тимур («Қайрат»), Сартаков Григорий («Ертіс»), Халезов Павел («Астана»), Цой Данил («Қайсар»), Шаихов Берік («Астана»); Жартылай қорғаушылар: Балтабаев Ойбек («Қайрат»), Валиуллин Руслан («Ақжайық»), Жалмұқан Дидар («Ақтөбе»), Сүлей  Әлішер («Ертіс»), Таубай Абзал («Тараз») Төлиев Мирас («Оқжетпес»), Тұңғышбаев Еркебұлан («Ордабасы»), Хайруллин Ринат («Жетісу»); Шабуылшылар: Әйімбетов Абат («Ақтөбе»), Сариев Рауан («Ордабасы»), Маров Алексей («Атырау»), Чулагов Самит (ЦСКА). Премьер-лига ойындарының екі туры өтетіні ескеріліп, келесі футболшылар қосымша тізімге енгізілген: қорғаушы – Кейлер Сергей («Қайсар»), Сүлейменов Аслан («Бәйтерек»), жартылай қорғаушылар - Антипов Иван («Ақжайық»), Қалымбетов Мұхтар («Бәйтерек») және Нүкебай Данияр («Оқжетпес»).
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров