Жарнама
Жарнама

Қазақстан жастар құрамасы Түркияда оқу-жаттығу жиынын бастады

08.01.2015, 23:50
Жарнама
Жарнама
ширмялисЕліміздің 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы Түркия жерінде оқу-жаттығу жиынын бастады. Құрама 15 қаңтарға дейін Анталиядағы жаттығу жиынынан соң, Санкт-Петербург қаласына «Достастық кубогы» халықаралық турниріне қатысуға аттанады.Саулюс Ширмялис бастаған бапкерлер құрамы жарыс алдында дайындықты пысықтау мақсатында Түркияда екі жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. 9 қаңтарда Қазақстан құрамасы жергілікті «Ұшақ Спортиф Генчликспор» командасымен кездессе, 12 қаңтарда Бундеслига өкілдері «Айтрахт Франкфурт» командасымен ойнайды, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі. Айта кетейік, оқу жаттығу жиынына қатысып жатқан құрама мүшелерінің арасында Станислав Павлов, Темірлан Әділханов, Рафкат Аслан, Берік Шаихов, Ислам Шадукаев, Павел Халезов, Еркебулан Тұңғышбаев, Ринат Хайруллин, Абат Аймбетов, Рауан Сариев, Алишер Сулей сынды мықты футболшылар бар.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров