Қазақстан жастар құрамасы (U-17) "Паланга" кубогін жеңіліспен бастады. Украиналықтармен болған бұл кездесу қос құрама үшін де тең дәрежеде өрбіді. Алайда ойынның бітуіне 5-минут қалғанда қолда бар тең нәтижеден айырылып қалдық. Алғашқы болып алғашқы тайм аяғында Украиналықтар есеп ашты, ал отандастарымыз болса ойынның 69-минутында есепті 1-1 ге жеткізді. "Ақжайық" жартылай қорғаушысы Антиповтың асырған пасын "Ертіс" ойыншысы Владимир Воменко голға айналдырды, дегенмен Александр Головко шәкіртері дегенінен қайтпай жеңісті жұлып әкетті.
Қазақстан — Украина 1:2
Қазақстан жастар құрамасы (U-17): Голубничий, Таипов, Нұралы, Қанатов, Моисеев, Жағыппар, Антипов, Воменко, Сулей, Айымбетов, Морозов
Ауысым: Лебедев, Балғабаев, Алиев, Сахибов, Тұржанов, Құдайберген.
sports.kz