Жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Шотландиямен болған ойында (1:2) үш ойыншы Қазақстан жастар құрамасы сапында дебют жасады, деп хабарлайды KazFootball.kz тілшісі.
Олар: 21 жастағы жамбылдық футболдың түлегі, «Тараздың» жартылай қорғаушысы Дінмұхамед Қараман, 18 жастағы алматылық футболдың тәрбиеленушісі, «Қайрат-Мәскеу» клубының қорғаушысы Егор Ткаченко және 20 жастағы Павлодар футболының түлегі, «Ақсу» клубының шабуылшысы Мирас Тұрлыбек.
Қазақстан жастар құрамасының ең тәжірибелі ойыншылары – Еркебұлан Сейдахмет (13 кездесу) пен Сұлтан Сағнаев (11 кездесу).
Біздің серіктес: FONBET