Жарнама
Жарнама

Қазақстан жастар құрамасының 7 ойыншысы Испаниямен болатын ойынға қатыспайды

12.10.2020, 23:28
Қазақстан осы ойында ең ірі жеңіліске ұшырауы мүмкін.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан жастар құрамасы Испанияға қарсы өтетін ЕУРО-2021 турнирінің іріктеу матчы алдында шығынға ұшырады.

Алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Сұлтанбек Астановтың коронавирусқа байланысты тапсырған тесті оң болып шықты.

Сонымен қатар, жарақатына байланысты команда капитаны мен қақпашысы Мұхамеджан Сейсен, шабуылшы Рамазан Оразов және жартылай қорғаушылар Артем Попов пен Дамир Марат келесі ойынға қатыспайды. Қызыл қағаз алғандықтан Оралхан Өміртаев пен Рауан Орынбасар да Испанияға қарсы ойынды жіберіп алады.

Еске салайық, Қазақстан жастар құрамасы 13 қазанда сырт алаңда Испаниямен ойнайтын болады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров