Жарнама
Жарнама

Қазақстан жастар құрамасының бапкерлері Молдовада тәжірибе жинақтауда

04.05.2022, 03:07
Сондай-ақ үш қазақстандық маман Ресейге аттанды.
Жарнама
Жарнама

Үш қазақстандық жаттықтырушы – Марат Еслямов, Артур Авакянц және Абдухалық Бөрібаев Ресей Премьер-лигасында өнер көрсететін «Крылья Советов» клубында тәжірибе жинақтауда. Осындай мақсатпен тағы екі отандық маман – Нұрбол Жұмасқалиев және Қайрат Нұрдәулетов молдовалық «Шерифке» аттанды, деп хабарлайды инсайдер Владимир Жарков өзінің телеграм арнасында.

Декеккөздің айтуынша, шетелдік клубтарда тәжірибе жинақтау арқылы қазақстандық мамандар жақын арада Pro лицензиясын алатын болады.

Айта кетейік, Қайрат Нұрдәулетов қазір Қазақстан жастар құрамасын жаттықтыруда. Ал «Тобылдың» спорттық директоры Нұрбол Жұмасқалиев оның көмекшісі болып табылады.

Естеріңізде болса, «Шериф» бірнеше күн бұрын Молдова чемпионы атанған еді. Тираспольдік клуб сапында 18 жастағы қазақстандық футболшы Данил Анкудинов өнер көрсетеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров