Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы қорғаушысы Максим Грек Тәжікстанның "Худжанд" командасына ауысты, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.
27 жастағы футболшы "Худжанд" құрамында 18 нөмірмен өнер көрсетеді. Ойыншы соңғы рет беларуссиялық "Белшина" командасының намысын қорғады.
Қорғаушы 2015 жылы Қазақстан жастар (U-21) құрамасын сапында Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде бақ сынады. Сондай-ақ, Грек "Бәйтерек" пен "Ордабасы" командаларында доп тепкен.
Біздің серіктес: FONBET