Жарнама
Жарнама

Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы Испаниялық клубқа ауысты

06.10.2020, 16:27
Футболшыға «Штутгарт» клубы да қызығушылық танытқан еді..
Жарнама
Жарнама

19 жастағы қазақстандық футболшы Дмитрий Бачек испаниялық «Унион Депортиво Побленсе» клубына ауысты. Бұл туралы команданың әлеуметтік желідегі парақшасында хабарланды.

Бачек - Қарағандылық «Шахтер» клубының түлегі. 2019 жылдың соңында ол клубтан кетіп, еуропалық командаға ауысуға тырысты. Хорватиялық «Хайдук» клубында қаралымда болды, оған немістің «Штутгарт» командасы да қызығушылық танытты.

"Побленсе" 1935 жылы құрылған команда. Клуб Сегунда В-да ойнайды және ешқашан Ла Лигада ойнаған емес.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров