Жарнама
Жарнама

Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы испаниялық клубқа ауысты

25.08.2021, 14:49
Футболшы қаралым барысында гол соққан еді.
Жарнама
Жарнама

20 жастағы қазақстандық футболшы Дмитрий Бачек испаниялық «Антекера» клубына ауысты. Бұл жайлы команданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қарағандылық футболдың түлегі өткен маусымды испаниялық «Побленсе» клубында өткізді. Аталған ұжым жейдесінде алты ойынға ғана қатысып, нәтиже көрсете алмады және 2021 жылдың 30 маусымында келісім-шарт мерзімі аяқталып, командадан кетті.

Ал «Антекера» сапында қаралымнан өтіп, жолдастық кездесуде гол да соғып, бапкерлер көңілінен шығып, келісім-шартқа ие болды.

Бачек Қазақстан жастар құрамасында тоғыз ойынға қатысып, бір мәрте мергендігімен көзге түскен.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров