Жарнама
Жарнама

Қазақстан жастар құрамасының ойыншысына беларуссиялық клуб қызығушылық танытуда

16.01.2021, 02:47
Бұл клуб ойыншымен байланысып үлгерген екен.
Жарнама
Жарнама

Қарағандылық "Шахтердің" футболшысы Жан-Али Пайрузға Беларуссияның "Энергетик-БГУ" клубынан ұсыныс түсті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Беларуссия чемпионатының жоғарғы лигасында ойнайтын клуб 21 жастағы қазақстандық футболшымен желтоқсан айында байланысқа шығып, онымен белсенді келіссөздер жүргізді. Алайда жартылай қорғаушының "Шахтермен" жарамды келісімшарты бар, қарағандылық клуб өзінің ең дарынды тәрбиеленушілерінің бірін жібергісі келмейді.

"Кеншілер" Пайруз ісін келесі оқу-жаттығу жиынында қарау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы соңғы шешімді "Шахтердің" жаңа бас бапкері қабылдайды.

"Энергетик-БГУ" жағдайды жіті қадағалауда және талантты ойыншы үшін бәсекеге түсуі мүмкін. Өткен маусымда команда Беларуссия чемпионатында он алты команданың ішінде оныншы орынға ие болды. Қазіргі уақытта "Энергетик-БГУ" сапында 18 жастағы қазақстандық футболшы Алдаир Адилов ойнайды.

Жан-Али Пайруз өткен маусымда "Шахтер" сапында он матч өткізіп, бір гол соқты. Сондай-ақ, ол Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан жастар құрамасы сапында алты матч өткізді, бір нәтижелі пас берді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров