Жарнама
Жарнама

Қазақстан жастар құрамасының қараша айындағы ойынына шақырту алған ойыншылар тізімі жарияланды

02.11.2021, 18:13
Қайрат Нұрдәулетов шәкірттері бұл айда Шотландиямен ойнайды.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Қайрат Нұрдәулетов 2023 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Шотландиямен өтетін ойынға шақырылған футболшылардың есімдерін атады.

Қақпашылар: Данил Устименко («Қайрат»), Вадим Петров («Қызыл-Жар»), Қажымұқан Төлепберген («Мақтарал»);

Қорғаушылар: Әділбек Жұмаханов («Атырау»), Лев Скворцов, Сағи Совет, Мейрамбек Қалмырза (барлығы – «Астана»), Жалғас Жақсылықов («Тараз»), Тайыр Нұрсейітов («Шахтер»), Нұрберген Нұрбол («Жетісу»), Александр Широбоков («Қайрат»), Егор Ткаченко («Қайрат-Мәскеу», Ресей);

Жартылай қорғаушылар: Данияр Үсенов, Арсен Буранчиев, Еркебұлан Сейдахмет (барлығы – «Қайрат»), Эльхан Астанов, Муроджон Халматов (екеуі де - «Ордабасы»), Арман Кеңесов («Қайсар»), Дінмұхамед Қараман («Тараз»), Максим Самородов («Ақтөбе»), Станислав Басманов («Астана»), Абылайхан Назымханов («Шахтер»), Жаслан Жұмашев («Тобыл»);

Шабуылшылар: Вячеслав Швырев («Қайрат-Мәскеу, Ресей), Абылайхан Жұмабек («Тараз»), Мирас Тұрлыбек («Ақсу»).

Шотландия мен Қазақстан жастар құрамалары арасындағы ойын 12-нен 13 қарашаға қараған түні Данди қаласындағы «Таннадайс парк» стадионында өтеді. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 01:15-те басталады. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров