Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Алмас Құлшынбаев Солтүстік Македония және Испаниямен өтетін ойындар алдында оқу-жаттығу жиынына шақырылған футболшылдардың тізімін жариялады.
Қазақстан жастар құрамасы 8 қазан күні Солтүстік Македония құрамасын қабылдайды. Матч Алматының Орталық стадионында өтеді.
13 қазан күні біздің жастар сырт алаңда Испаниямен кездеседі. Қазақстан жастар құрамасы оқу-жаттығу жиынын 3 қазанда бастайды.
Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен («Тараз»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»);
Қорғаушылар: Рауан Орынбасар («Жетісу»), Сағадат Тұрсынбай, Роман Асранкулов (екеуі де - «Тобыл»), Әлібек Қасым («Қызыл-Жар»), Талғат Кусяпов («Оқжетпес»), Лев Скворцов («Атырау»), Дінмұхамед Қашкен («Қайсар»), Алтынбек Төлеев («Алтай»), Нұралы Мамырбаев («Қыран»);
Жартылай қорғаушылар: Геворг Наджарян, Әди Адамбаев (екеуі де - «Шахтёр»), Мәди Жақыпбаев («Астана»), Адам Адахаджиев, Сұлтанбек Астанов (екеуі де - «Қайрат»), Рамазан Оразов («Чайка», Ресей), Эльхан Астанов, Аслудин Хаджиев (екеуі де - «Ордабасы»), Артём Попов («Ақсу»), Дамир Марат («Екібастұз»);
Шабуылшылар: Еркебұлан Сейдахмет («Жетісу»), Акмаль Бақтияров («Сочи», Ресей), Оралхан Өміртаев («Тобыл»), Артур Шушеначев, Данияр Үсенов («Қайрат»), Рамазан Кәрімов («Астана»);
Жаттықтырушылар штабы: Алмас Құлшынбаев – аға жаттықтырушы, Асқар Қожабергенов – аға жаттықтырушының көмекшісі, Тимур Молдағалиев – жаттықтырушы, Ержан Сунаков – қақпашылардың жаттықтырушысы, Нұрлан Битүгілов – дәрігер, Станислав Ведлер – массажист, Қайратәли Күнходжаев – массажист, Динмухамед Оралов – менеджер, Николай Стриганов - видеооператор.
Біздің серіктес: FONBET