Жарнама
Жарнама

Қазақстан жастар (U19) құрамасының жаңа бас бапкері белгілі болды

21.01.2021, 22:05
Кузнецов бұған дейін де Қазақстан жастар құрамасымен жұмыс істеген.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан футбол федерациясының штаб-пәтерінде 19 жасқа дейінгі еліміздің жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы таныстырылды.

Қазақстандық жасөспірімдерді жаңа іріктеу кезеңінде Александр Кузнецов жаттықтыратын болды. Ол «Райымбек» және «Сәулет» футбол клубтарында ойнаған болатын.

Александр Кузнецов бапкер қызметінде соңғы рет еліміздің жастар құрамасының жаттықтырушылар штабында жұмыс істеді. Сонымен қатар 16, 17 және 19 жасқа дейін Қазақстан жасөспірімдер құрамаларын жаттықтырды.

Бапкер клуб деңгейінде әртүрлі командаларды дайындады. Олардың арасында Португалияның «Academy Bsports» командасы, алматылық «Еңбек», «Қайрат» және «Цесна» футбол академиялары мен резерв командалары бар.

Кузнецов Қазақстан жасөспірімдер құрамасымен бірге Гранаткин мемориалы халықаралық турнирінің күміс жүлдесін жеңіп алды, сонымен қатар Қазақстан Президенті Кубогының екі дүркін иегері атанды, КСРО спорт шебері Антон Шохты еске алуға арналған халықаралық турнир мен УЕФА «Даму» Кубогында топ жарды.

ҚФФ баспасөз қызметі

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров