Жарнама
Жарнама

Қазақстан жастары өз алаңында Фарер аралдарынан ұтылды

18.11.2020, 00:10
Өз алаңымыз өзімізге жау болды десек те болады.
Жарнама
Жарнама

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Фарер аралдарынан жеңіліп қалды. Кездесу Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өтіп, 2:3 есебімен аяқталды.

Ойын барысында қонақтар 0:3 есебімен алға шықты. 20-минутта Радосавлевич есеп ашты. Үзілістен кейін қонақтар тағы екі рет - 50 және 64 минуттарда гол соқты. Бұл голдарды Кнудсен мен Йоханнесен өз еншілеріне жазды. Қазақстан жастары 65-минутта есеп айырмасын қысқартты. Бұл жолы Рамазан Каримов көзге түсті. Содан кейін Оралхан Өміртаев 81-минутта пенальтиден гол соқты.

Бұл жастар құрамасының Еуропа чемпионатындағы соңғы матчы болатын. Кем дегенде екінші орынды иелену керек еді, бірақ команда бұл тапсырманы орындай алмай, төртінші орыннан бір-ақ шықты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров