Жарнама
Жарнама

Қазақстанда әрбір үшінші аяқдопшы келісілген ойындар туралы біледі екен!

14.02.2012, 05:15
Жарнама
Жарнама

Әлемнің кәсіпқой футболшылардың кеңесі (FIFPro)  пара беру, расизм және  де ойыншыларға деген құрмет жөнінде тәуелсіз зерттеу жүргізіпті. Оның қорытындысын «Шығыс Еуропаның Қара кітабі» деген кітапқа жариялады. Қазақстан бұл зерттеуде қара тізімнің алдыңғы көшінде орналасқан.

Бізге қарсы төнген статистика

[caption id="attachment_10281" align="alignleft" width="351" caption="Келістікпа ? Келістік !!!"][/caption]

(FIFPro) 220  кәсіпқой аяқдопшылардан жүргізілген сауалнама бойынша Қазақстан футболындағы келісілген ойындар көп болатынын анықтап берді. Сонымен қатар еліміздегі командалардың басым көпшілігі ойыншылардың келісімшарттарын дұрыс сақтамай, оларға құрметті дұрыс көрсетпейді екен. Біздің елде әрбір үшінші аяқдопшы келісілген ойындардың куәгері болған. Бұл жөнінде сауалнамаға қатысқан ойыншылардың 34,3 пайызы мәлім етті. Ал ойыншылардың 44,1 пайызы біздің біріншілікте келісілген ойындар жөнінде білеміз деп жауап берсе, 31,8 пайыз ойыншылар командадан бөлек жаттығулар жасауға тура келді депті. Бұл дегеніміз алаңға шығатын 22 ойыншының жетеуі клубтан бөлек жаттығады деген сөз. Ойыншылардың құқығын сақтамады деген бөлімге – 39,1 пайыз, ойыншымен келісімшартын мезгілсіз бұзды дегенге  - 25,6 пайыз, команданың менеджерлерінің құқық бұзушылығы – 27,7 пайыз болса, құрметсіздік құрбаны болдық деп аяқдопшылардың 55,5 пайызы жауап беріпті. Яғни, 22 ойыншының әрбір үшінші ойыншы команда тарапынан сорақылық көрген болып табылады.

Кеңеске көсе көлденең шыққан Федерация

[caption id="attachment_10285" align="alignleft" width="336" caption="Ақша әлде футбол?"][/caption]

     Бұл мәліметтерді жинау барысында, Кеңес мүшелерінің басты проблемасына ойыншылармен кездесу болыпты.

Өйткені,әр команда сауалнама барысында ойыншыларын өте жіті бақылап отырған көрінеді. Осылайша ел біріншілігінде өнер көрсететін командалар Федерацияның (Қазақстан Футбол Федерация ҚФФ) нұсқауынсыз ештенеге қауқарсыз екенін тағы да бір дәлелдеп берді. Бұл сауалнама кезінде де Федерация сауалнама барысына кедергі жасауды тапсырған сыңайлы. Осындай жағдайларға байланысты (FIFPro) өкілдері ойыншылармен жасырын түрде кездесуге тура келген екен. Ойыншылар кездесудің соңында бұл мәлеметер жөнінде тіс жармауын сұраныпты.

Уалихан ҚОСАНБАЙ

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров