Жарнама
Жарнама

Қазақстанда туып, жырақта өскен танымал футболшылар!

25.02.2014, 03:37
Жарнама
Жарнама

Қазақстан Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін көптеген ұлт өкілдері өздерінің тарихи отандарына қоныс аударды. Әсіресе, Германияға көшіп кеткен неміс отбасылары көп. Біз бүгін сіздердің назарларыңызға Қазақстанда туып, қазіргі кезде басқа елдердің біріншіліктерінде өнер көрсетіп жүрген футболшылардың бір парасы жайлы жазбақшымыз.

Сергей Каримов – сол қапталдағы қорғаушы.  1986 жылы, 21 желтоқсанда Қарағанды облысы, Саран қаласында дүниеге келген. Сереганың әкесі орыс, анасы неміс. 1995 жылы отбасымен бірге Германияға қоныс аударған.  Анасы «Фольксваген» концернде жұмыс істейді. Әкесі сол жақта қайтыс болған. Қарағандыда тұрғанда кенші болған. Туған әпкесі әлі күнге дейін Қазақстанда тұрады. Каримов  2005-2011 жылдар аралығында Германия Бундеслигасындағы «Вольфсбург» клубында өнер көрсетті. Көбіне қосалқы құрамда ойнағаны белгілі. Ал негізгі құрамдағы алғашқы ойынын 2007 жылдың 8 желтоқсанында «Штугартқа» қарсы өткізген.  2008 жылы Германия кубогының 1/16 финалында «Шальке 04» командасының қақпасына 90 минутта өзінің алғашқы голын соқты. Тоқсан минут бойы 0:1 есебімен ұтылып жатқан командасын жеңілістен құтарып қалады. Ойын соңындағы пенальтиде жеңіс голын соғып, «Вольфсубргты» келесі кезеңге алып шыққан болатын. Сол кезде бас бапкер Феликс Магат Сергейдің өнеріне риза болып, футболшымен 2010 жылға дейін келісімшарт жасайды. 2009 жылы «Вольфсубрг» клубымен Германия чемпионатында топ жарған. Кейіннен «Дуйсбург» командасына ауысты. 2008 жылы Қазақстан футбол федерациясы Сергейге Қазақстан ұлттық құрамасында ойнауға ресми түрде ұсыныс жасады.  Арада екі жыл өткенде, Қазақстан – Оман арасындағы кездесуге қатысты. Бұл оның ұлттық құрамадағы дебюттік матчы. Одан кейінгі жылдары Каримовты Қазақстан құрамасынан көргеніміз жоқ.   Генрих Шмидтгаль  – сол қапталдағы қорғаушы, жартылай қорғаушы. 1985 жылы, 20 қарашада Алматы облысы, Есік қаласында дүниеге келген.  Генрих екі жасқа толған кезде отбасы Германияға көшіп кеткен. Алғаш «Ферль» клубының футбол мектебінен тәлім алған. 2003 жылдың 27 тамызында осы клуб сапындағы дебюттік кездесуін өткізді. Бастапқы кездері сол қапталдағы шабуылшы болып өнер көрсеткен. Бірақ, кейіннен бойының қысқалығына байланысты орталық алаңға ойысады. Бұл командада ол 2007 жылға дейін ойнады. Соңғы маусымда 7 гол соғып және нәтижелі пастарымен көзге түседі. Осыдан соң, футболшыға өзге клубтар тарапынан ұсыныс түседі. Нәтижесінде «Ферльден» кетуді ұйғарады. «Ферльден» кеткен соң, «Бохумның» фарм-клубында ойнады. Онда көп тұрақтамады. 2009 жылы Германия Оберлигасындағы «Рот-Вайсс» командасына ауысты. Екі жылда 51 рет алаңға шығып, 5 голдың авторы атанды. «Рот-Вайсстан» кейін «Гройтер Фюрт» тарапынан ұсыныс түсіп, 2011 жылдың 20 мамырында келісімшартқа отырады. Шмидтгаль келген жылы «Гройтер Фюрт» Германияның Екінші лигасында чемпион атанып, Бундеслигада ойнау құқығына ие болды. Былтырғы маусымда Германия чемпионатында өз командасының сол қапталдағы негізгі қорғаушысы болды. Бірақ, бұл команда маусым қорытындысы бойынша біріншіліктегі өз орнын сақтап қала алмады. Осыдан соң, Генрих Дюссельдорфтың «Фортуна» клубымен екі жылдық келісімшартқа қол қойды. Шмидтгальды Қазақстан құрамасына 2010 жылы сол кездегі бас бапкер Бернд Шторк шақырған болатын. Осы уақытқа дейін ұлттық құрама сапында 12 кездесуге қатысып, 1 доп соққан. Жалғыз голын басқа-басқа емес, 2013 жылы Нюрнбергте Германия қақпасына енгізді. Мануэль Нойердің қателігін сәтті пайдаланған болатын. Ұлттық құраманың соңғы ойындарына Шмидтгаль қатысқан жоқ.  Атап айтсақ, сол Германиямен өткен қос матчтан соң Болгария, Грузия, Фарер аралдары,Швеция, Ирландия мачтарымен болған кездесулерге келмеді. Көбінесе жарақат, денсаулығына байланысты деген жауаппен шектеліп жүр.  Александр Меркель – жартылай қорғаушы. 1992 жылы, 22 ақпанда Алматы облысында дүниеге келген. Сашаның әкесі де футболшы болған. Кезінде Алматының «Қайраты» сапында өнер көрсеткен. Александр 6 жасына дейін Қазақстанда тұрған. Кейіннен тарихи отандарына қоныс аударды. Бірақ, Қазақстан азаматтығын сақтап қалған. Германияда «Вестервальд» командасының футбол мектебіне барды. 12 жасында «Штугарттың» жасөспірімдер клубына шақырылды.  Жалпы Меркель Германияның 15 жастан 20 жасқа дейінгі аралықтағы барлық құрамасында өнер көрсеткен. 2008 жылы Германиядан Апенин түбегіне қоныс аударды. Ол жақта атақты «Милан» клубына ойнады. Алғашқы дебюттік кездесуін 2010 жылдың 8 желтоқсанында Чемпиондар лигасының топтық кезеңнің соңғы матчында «Аякске» қарсы өткізді. Ал 2011 жылдың 6 қаңтарында А Сериясындағы алғашқы ойынына шықты. Бірінші голын Италия кубогы аясында «Бари» қақпасына соқты. 2011/2012 жылғы маусымның алдында «Милан» мен «Дженоа» клубтары Стефан Эль-Шаарави мен Александр Меркельді ауыстыру жайлы ортақ келісімге келеді.  2012 жылы «Милан» Александрды өздеріне қайтадан қайтарып алады. Ал биылғы маусымды «Удинеза» сапында бастаған еді. Бірақ, қысқы үзіліс кезінде Англияға ауысты. Қазіргі кезде «Уотфорд» командасында өнер көрсетіп жүр. Вилли Евсеев – жартылай қорғаушы. 1992 жылы, 14 ақпанда Қарағанды облысы, Теміртау қаласында дүниеге келген. Виллидің бала күнінде ата-анасы Теміртаудан Германияға қоныс аударған. Футболмен сол жақта айналыса бастаған. «Ганновер 96» клубының төл шәкірті. 2010-2013 жылдар аралығында осы клубтың жасөспірімдер құрамасында өнер көрсетті.  Футболшыны 2011 жылы Австрияның «Винер Нойштадт» клубы жалға алады. Германия клубында шебер футболшылар көп болғандықтан Австрияда тәжірибе жинап келуге «Ганновер» клубының бас бапкері Мирко Сломканың өзі ақыл қосады. Ол Австрияда 2011-2012 жылдары 20 ойын өткізген. Ал биылғы маусымда «Вольфсург» командасы талантты жас футболшыны өздеріне шақырады. Бұл команда сапында Бундеслигдағы дебютін Бременнің «Вердеріне» қарсы өткізді. Одан кейін «Фрайбург», «Шальке 04» сондай-ақ, Германия кубогы жолындағы жарыста «Ингольштадт» клубтарына қарсы кездесулерге қатысты. Үш кездесуде екі гол соғатын пас берген. Қазірге «Вольфсбургтің» қосалқы құрамында ойнап жүр. Фарм клубында 16 ойынға қатысып, 8 доп соққан. Ол сондай-ақ, Германияның 17 және 18 жасқа дейінгі құрамасында өнер көрсеткен. Вилллидің айтуы бойынша, Қазақстан футбол федерациясы мен футболшы арасында байланыс бар көрінеді. Бірақ, нақты қашан ұлттық құрамаға шақырылатыны белгісіз. Юри Юдт – жартылай қорғаушы. 1986 жылы, 24 маусымда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Алты жасында ата-анасымен бірге Германияға қоныс аударған. Алғаш футболдағы жолы «Гройтер Фюрт» командасынан бастаған.  1999-2005 жылдары осы клубтың жасөспірімдер құрамасында ойнады. Ал 2005 жылы осы команданың негізгі құрамына алынды. Бұл команда сапында үш жылдың ішінде 76 матчқа қатысқан. Одан кейін 2008-2012 жылдар аралығында «Нюрнберг» клубында өткізді. 2012 жылы аса ауыр жарақатының салдарынан Бундеслигадағы карьерасын жалғастыра алмады. «Нюрнбергтен» соң, Лейпциганың «Ред Булл» командасына ауысты. Биылғы жыл бұл клубтан да кетті. Қазіргі кезде III Бундеслигадағы «Саарбрюкен» сапында ойнайды. Юри талантты футболшы. «Егер Қазақстан тарапынан ұсыныс түсіп жатса, ойланып көремін. Қанша дегенмен туған жерімді сағынамын» деген болатын. Кейбіреулер бұл футболшының жұлдызды шағы баяғыда өтіп кеткен дейтін болар. Бірақ, Бундеслигадағы бірнеше жылғы тәжірибесі Қазақстан футболына өзіндік пайдасы тигізетіні анық. Өйткені Юдттың  жасы 28 де ғана. Әлі де 4-5 жыл жоғары деңгейде ойнауына болады. Константин Энгель – қорғаушы. 1988 жылы,27 маусымда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Отбасымен бірге Германияға қоныс аударған неміс футболшыларының бірі. Павлодар қаласында әжесі тұрады.Костя Қазақстан ұлттық құрамасына шақырылмай тұрып, 2002 жылы туыстарына бір рет келіп кеткен. Футболдағы карьерасын «Виктория 08» клубының жастар құрамасынан бастаған. 2006-2011 жылдар аралығында II Бундеслигадағы «Оснабрюк» командасында өнер көрсетті. Одан кейінгі жылдары «Энерги» сапында ойнады. Ал қазіргі кезде «Ингольштадт 04» клубының ойыншысы. Мирослов Беранектің тұсында Қазақстан ұлттық құрамасына тұрақты түрде шақырылып жүрді. 2012 жылы  Қырғызстанға қарсы алғашқы ойынын өткізді. Осы уақытқа дейін алты кездесуге қатысқан. Энгельді алдағы уақытта ұлттық құраманың жаңа бапкері Юрий Красножан шақырама жоқ па? Оны уақыт көрсетер. Александр Нойманн – шабуылшы.  1989 жылы, 13 тамызда Алматы облысында дүниге келген. Футболдағы карьерасын «Юзен» сапында бастаған. Кейіннен «Ферденге» ауысады. 2003 жылы Бременнің «Вердер» клубының скауттарының көзіне түсіп, осы клубта ойнады. Сашаның жасындағы балаларды ол кезде украиналық бапкер Виктор Скрипинка жаттықтырған болатын. 2006/07 жылғы маусымда Германияның Солтүстік/Шығыс жасөспірімдер лигасында 23 доп соғып үздік сұрмерген атанды.  2007 жылы «Вердердің» қосалқы құрамында ойнады. Германияның U-19 құрамасында 9 ойын өткізіп, 5 гол соққан. Богдан Мюллер – шабуылшы. 1988 жылы, 12 маусымда Қарағанды қаласында дүниге келген. «Бюхен» футбол мектебінің тәрбиеленушісі. «Нескарлец» клубында тәп-тәуір өнер көрсетті. 2010 жылы «Шальке 04» клубы қызығушылық танытады. Гельзенкирхенде екі жылдың ішінде өзінің мүмкіндігін толық дәлелдей алмады.2012 жылы  «Карлсруэ» сапына ауысты. Қазіргі кезде бұл команда сапында жақсы ойын өрнегін көрсетіп жүр. Ұлттық құрамаға шақырылуы мүмкін футболшылардың қатарында. Станислав Херцель – жартылай қорғаушы. 1990 жылдың 5 тамызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Қарабұлақ ауылында дүниеге келген.Алғашында  немістің «Ян Регенбург» клубында өнер көрсеткен. Станислав  қазіргі кезде «Ингольштадт 04» клубында ойнайды. Херцель алаңды жақсы көреді. Әріптестеріне ыңғайлы пас берудің шебері. Әмбебап футболшы. Қос қапталда өнер көрсете алады. Бұлардан бөлек, Қазақстан ұлттық құрамасында үш ойын өткізген Петр Нейштедтердің ұлы Роман Нойштедтер қазіргі кезде «Шальке 04» сапында жоғары деңгейлі ойын көрсетіп жүр.  Виктор Брайнингер, Александр Ланглиц, Андрей Фомичев Сергей Евлюшкин секілді футболшыларды айтуға болады. Бек Төлеуов. el.kz
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров