Жарнама
Жарнама

Қазақстандағы легионерлер санына қойылған лимит өз күшін жоюы мүмкін

16.10.2021, 15:23
Нақты шешім Лига кеңесінің келесі отырысында қабылданады.
Жарнама
Жарнама

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, бүгін Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы клубтарға Премьер-лигадағы легионерлерге қойылған лимитті алып тастау туралы ұсыныспен хат жолдады.

Лимитті жою 2022 жылғы маусымнан бастап енгізілмеуі мүмкін. Бұған себеп - көптеген клубтардың ойыншылармен ұзақ мерзімді келісім-шартқа отыруы.

ҚКФЛ мүшелері бұл мәселені Лига кеңесінің келесі отырысында талқылайды. Нақты шешімді клубтар қабылдайды және мұны ҚФФ Атқару комитеті мақұлдайды.

Бұл жағдайда Премьер-лига командалары маусым бойы қанша шетелдік ойыншыны алса да, өздері біледі.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров