Жарнама
Жарнама

Қазақстандағы таланттар ұстаханасы

Қазақстанда өз тәрбиеленушілеріне көбірек сенім артатын клубтардың саны қанша? Бюджет азайды, демек 2021 жылы бұл клубтардың саны артуы керек. Сол «Жетісу», «Қайсар», «Тұран» клубтары бұл тізімге қосыла ма?
Жарнама
Жарнама

Заманауи футболда ақша өз дегенін жасатады - топ-клубтар өз академияларының тәрбиеленушілеріне аз көңіл бөліп, өздерін басқа командаларда көрсетіп үлгерген футболшыларға мүмкіндік береді. Қазақстанда да осындай жағдай орын алуда. Өткен маусымда бәрінен бұрын екінші алтылықтағы клубтар өз тәрбиеленушілеріне көбірек сенім артты. Пандемия жергілікті футболшыларды пайдалануға мәжбүр етті. Қазақстандық клубтарға бөлінетін ақша азайды - енді жергілікті футболшыларға мүмкіндік беріледі.

1. "Тараз"

"Тараздың" бұл тізімде бірінші орында тұрғанына ешкім таң қалмайтын шығар. Бұл клуб елдегі футбол таланттарын шығаратын ұстахана болып қала береді. "Тараз" командасының қазақстандық бөлігін қарасаңыз, 90 пайыздан астамы жергілікті мектептің ойыншылары екені анық.

Дмитрий Евстигнеевтен бастап Джурахон Бабаханов, Мақсат Әмірханов, Бауыржан Байтана және Берік Айтбаевтар, одан бертін келе Бекзат Шадманов, Абзал Таубай, Әлішер Сүлей және Нұралы Мадияр секілді жаңа буын өсіп келеді. Сонымен қатар өткен маусымда Мұхаммеджан Сейсен (1999), Бекзат Шадманов (1997) және Абылайхан Жұмабек (2001) команданың негізгі ойыншылары болды. Одан бөлек, "Тараздың" тағы көптеген ойыншылары ҚПЛ клубтарында ойнап жүр.

Қазақ футболының жарқын жұлдыздары - Бахтиер Зайнутдинов пен Бауыржан Исламхан халықаралық деңгейге көтеріліп үлгерді. Сол Зайнутдинов өзінің туған жерінде әлі де болса көптеген кәсіби футболшылардың өсіп келе жатқанын айтты:

"Ондағы жаттықтырушылар мықты, менің ойымша, ондағы балалар футболды көбірек жақсы көреді, олар дарынды. Жыл сайын жаңа футболшылар шығады. Қазірдің өзінде Сейсен, Караман, Жұмабек - олар көп ұзамай үздік ойыншаға айналады".

2. "Қызылжар"

"Тараздан" кейінгі кезекте "Қызылжар" өз тәрбиеленушілеріне көбірек сенеді. Петропавлдық клуб өткен маусымда көптеген командаларға үлгі болды. Бірінші лига клубындағыдай бюджетке ие болған "Қызылжар" Премьер-лигада қалу үшін күресті. Өткен маусымның соңында клуб Премьер-лигадағы позициясын сақтап қана қоймай, өз тәрбиеленушілеріне де сенім артты.

"Қызылжар" жоғары жалақы алатын футболшыларды шақыра алмайды. Клуб шығындалмаудың қажеті жоқ екенін баяғыда-ақ түсінді. Ақша болмаса мықты футболшыларды қайдан алуға болады? Дәл солай - оларды өзіңіз тәрбиелеуіңіз керек.

Жергілікті оқушылар - Виктор Гунченко, Ильдар Айтов, Тимур Мульдинов, Александр Соколенко өткен маусымда негізгі құрамнан ойып тұрып орын алды. Жастар - Артем Черединов (1998) және Максим Скорых (2000) біртіндеп негізгі құрамға тартыла бастады. Айтпақшы, 20 жастағы шабуылшы Максим Скорых ҚПЛ-да дебюттік голын соғып үлгерді (соңғы турда "Қайсар" қақпасына). Жергілікті ойыншылардың есебінен клуб ақша үнемдейді және елдегі қаржылық дағдарыс жағдайында аймақтың намысын лайықты қорғауды жалғастыруда.

3. "Каспий"

Ақтаулық "Каспий" былтыр премьер-лигаға оралып, жанкүйерлерін қуантқан еді. Жергілікті ойыншылар Премьер-лига деңгейінде ойнауға мүмкіндік алды.

Жалпы, Ақтауда балалар футболына үлкен көңіл бөлінеді. Қазір біз осы қажырлы еңбектің жемісін көріп отырмыз. Осы клубтың түлегі Нұралы Әліпті қалай мақтамайсыз?! 19 жасында ол Ұлттық құрамада дебют жасады және жақын арада мансабын Еуропада жалғастыруы мүмкін. Бұған тек ойыншыны мықты клубқа жібергісі келмейтін "Қайрат" кедергі бола алады.

Сондай-ақ Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы Талғат Кусяпов (1999) бар. Ақтау футболының тәрбиеленушісі еліміздегі болашағынан зор үміт күттіретін қорғаушылардың бірі болып саналады. Өткен маусымға келетін болсақ, "Каспий" түлектері клубқа маусымдағы басты тапсырманы - Премьер-лигадағы орынды сақтап қалуға көмектесті. Футбол орталығы қазірдің өзінде өз жемісін беріп жатыр: Амандық Нәбиханов (1997) мен Мақсат Тайкенов (1997) үнемі негізгі құрамда ойнады, сонымен қатар Руслан Жанысбаев пен Бекзат Қабылан (1996) негізгі құраманан орын алу үшін күресуде.

Дәл қазіргі сәтте қазақстандық клубтардың өз тәрбиеленушілеріне сенуі өте маңызды. Аталған үш клуб өткен маусымда үздік өнер көрсетті және айта кету керек, бұл клубтар алдағы маусымда Премьер-лигада бақ сынайды. Бұл басқа клубтарға үлгі емес пе?!

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров