Әзірбайжандық "Хазар" командасын жаттықтыратын түрік бапкері Мұстафа Денизли Қайрат командасының ойыншылары 34 жасар Самат Сымақов пен 32 жасар Давид Лорияны өз командасына шақырмақ. Денизлидің басшылығымен алдыңғы жылы қос ойыншы «Чайкур Ризеспор» командасында ойнап, түркиялық ұжымның суперлигаға өтуіне мол үлес қосты.
2013 жылы жазғы трансфер барысында "Қайрат" командасына Давид Лория мен Самат Смақов ауысып келген болатын. Қайрат командасымен Қазақстан Премьер Лигасының қола жүлдесін еншілеген қос ойыншының жыл аяғында келісім-шарт мерзімі аяқталмақ. Осы сәтті пайдаланып "Хазар" командасы қос ойыншыға 1.5 жылдық келісім-шарт ұсынбақшы. Түркияда Сымақов пен Лорияның жылдық еңбекақысы 400 мың долларды құраған.
Команда сапында Давид 13 ойын өткізсе, Самат жарақатына байланысты 8 ойын өткізді.
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
"Митар Новакович пен Андрей Делибашич жаңа маусымда "Тобыл" сапына ауысып келеді"- деп мәлімдеді Тобыл командасының директоры
Талгат Баймуратов мырза.
Митар Новакович Черногория ұлттық құрамасында 21 ойын өткізген.Ресейлік "Амкар" командасында 126 ойын өткізіп, 5 голдың авторы атанған.
Андрей Делибашич Черногория ұлттық құрамасында 16 рет жасыл алаңға шығып, 4 рет мергендігімен танылған. 32 жасар шабуылшы Сербия, Португалия, Греция, Испания біріншіліктерінде доп тепкен.
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Руслан Мельзиддинов
Шавкат Саломов
Руслан Мельзиддинов пен
Шавкат Саломов әзірбайжандық "Нефтчи" командасына ауыспақ. Бұл жөнінде
«Championat.asia» сайты мәлімдеді.
"Жетісу" командасына Руслан Бунедкор командасынан ауысып келген болатын.
Шавкат Саломов талдықорғандық ұжым сапында 27 мәрте ойын өткізіп, 3 гол соққан және 3 рет сары қағаз алған.
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Пірәлі Әлиев шымкенттік "Ордабасы" командасымен келісім-шарт жасасты.
Бұл ойыншы "Ордабасы" командасынан бұрын "Кайрат", "Атырау", "Астана", "Жетысу" және "Тобол" командаларында ойнаған. Ұлттық құрама жейдесін 4 рет киген жартылай қорғаушы "Ордабасы" сапында 17 ойын өткізген.
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Абылайхан ЖҰМАШ